Әскери қызметшілер арасында өткен донорлық эстафета өз мәресіне жетті!
Сонымен, 2023 жылдың 11-інші мамырында басталған ШҚО қылмыстық-атқару жүйелері Департаментінің (бұдан әрі – ШҚО ҚАЖД) қызметкерлері арасында біздің донорлық игі істер эстафетасы аяқталды. Бұл эстафетаны ШҚО ҚАЖД № 24 және №73 мекемелерінің қызметкерлері донорлық күндерді ұйымдастыра отырып аяқтады.
Қан тапсыру-адамгершілік пен мейірімділіктің символы, адамдардың бір-біріне деген шынайы қарым – қатынасының көрсеткіші. Өз бөлшектерін бере отырып, донорлар әлеуметтік мәртебесіне жасына және адамға деген көзқарасына қарамастан, мұқтаж адамдарға өмір мен денсаулықты қайтарады. Табиғат адамдарды ерекше, қайталанбайтында й етіп жаратты, сонымен бірге басқаларға көмектесуге мүмкіндік берді.
Донорлық акцияларды өткізудің барлық уақытында оларға: №22, №24, №17, №73, №22 және 6699 ӘБ мекемелердің 200 ден астам қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатысты.
«Біз қан компоненттерін құюды үнемі талап ететін науқастардың өмірін сақтап қалу үшін донорлық қанның маңыздылығын көрсету мақсатында барлық мекемелерімізде Донор күні ретінде осындай игілікті, сонымен бірге қажетті қайырымдылық акциясын өткіздік. Екі апта ішінде біз 50 литр қанға қан компоненттерін толықтырамыз деген алдымызға мақсат қойдық, бірақ біздің қызметкерлер мен әскери қызметшілердің арқасында біз өз мақсатымызды асыра орындадық және 54 литр қан тапсырдық. Біз осындай игі істі біздің қызметкерлер қолдағанына өте қуаныштымыз. Олар науқастардың өмірін сақтап қана қоймай, жеке тәжірибелерімен барлығына қан тапсыру донордың өзі үшін қауіпсіз және пайдалы екенін көрсетті!» – деп атап өтті ШҚО ҚАЖД донорлық акциясын ұйымдастырушылар.
Өз кезегінде ШҚ ОҚО басшылығы ШҚО ҚАЖД бастығы, әділет полковнигі Калетаев Жанболат Аманұлына ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша атқарылып жатқан бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінгені үшін шын жүректен алғысын білдіреді.
Сонымен қатар, қан орталығының басшылығы акцияның барлық қатысушыларына мейірімді жүректері үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Құрметті донорлар! Адамдарға деген шексіз сүйіспеншілік сіздің жүрегіңізде өмір сүргені үшін рахмет! Басқаларға ақысыз көмектесіп, басқалардың өмірін сақтап қалғаныңыз үшін рахмет! Жақсылыққа сенгеніңіз үшін және жақсылыққа деген сеніміңізді жоғалтпағаныңыз үшін рахмет!
Біздің барлық ерікті өтеусіз қан донорларына мың алғыс!