Трансфузиологиядағы инфекциялық қауіпсіздік

Трансфузиологиядағы инфекциялық қауіпсіздік

2021 жылдың 30 – ыншы наурызы күні Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында Ресей Федерациясы денсаулық сақтау Министрлігінің Н.И. Пирогов атындағы «Ұлттық медициналық-хирургиялық орталық» федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесінің дәрігерлерді жетілдіру Институтының трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Сергей Русланович Мадзаевтың қатысуымен «Трансфузиологиядағы инфекциялық қауіпсіздік» тақырыбына семинар шеңберінде кездесу өткізілді. Сондай – ақ семинарға Өскемен қаласының клиникалық трансфузиологтары да қатысты.

Семинар барысында қан компоненттерін құюдың өзекті мәселелері, оның ішінде тромбоциттерді құю, Covid-19 анти иммундық плазманы қолдану, сонымен қатар, трансфузиологияның жалпы мәселелері, трансфузиялық медицинаның заманауи технологиялары талқыланды.

Семинарға қатысушылар бір-біріне сұрақтар қоюға, тәжірибе және өзара пікір алмасуға мүмкіндік алды. Ақпарат алмасу трансфузиологияны дамытуда маңызды және таптырмайтын үдеріс болып табылады.
Мазмұнды және өзекті материал үшін С. В. Мадазаевқа шынайы алғысымызды білдіреміз.

Донорларға көп рахмет!Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының құрметті қызметкері

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33