Касаинова Шынар Даулетхановна – өз қызметіне адалдығы, жауапкершілігі және үздіксіз дамуға деген талпынысы үлгі боларлық адам.
Өз кәсіби жолын ол 2000 жылдың мамыр айында
фармацевтикалық өнім шығару цехындағы медбике көмекшісі лауазымынан бастады. Жұмысқа
кіріскен алғашқы күннен бастап ол еңбекқорлығы, жоғары орындаушылығы және жаңа бағыттарды
меңгеруге дайындығымен көзге түсіп, қиындықтар мен жауапкершіліктен қорықпады.
Облыстық қан орталығында жұмыс істеген жылдары Шынар Даулетхановна кәсіби жолында
елеулі тәжірибе жинақтап, санитар, автоклав аппаратшысы, қойма меңгерушісі лауазымдарында
қызмет атқарды. Әрбір кезеңде ол тәртіпті, сенімді және бастамашыл қызметкер ретінде өзін
көрсетті, онымен әрдайым сеніммен жұмыс жасауға болады.
Білім мен кәсіби өсу маңыздылығын түсіне отырып, Шынар Даулетхановна үздіксіз өзін-өзі
жетілдіріп отырды. 2009 жылы ол С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің колледжін «Құқық және әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру» мамандығы
бойынша бітірді, сондай-ақ «Есеп және аудит» мамандығы бойынша да оқуын сәтті аяқтады. Бұл
білімдер оған жүктелген міндеттерді сенімді және кәсіби денгейде орындауға мүмкіндік берді.
2025 жылы Шынар Даулетхановна инженерлік- шаруашылық қызметі бөлімшесінің қойма
менгерушісі лауазымына тағайындалды, бұл онын кәсібилігі, жауапкершілігі және ұзақ жылғы адал
еңбегінің лайықты мойындалуы болды.
Касаинова Шынар Даулетхановна – еңбек тәртібін қатаң сақтау, тұрақтылық және өз ісіне адалдықтың үлгісі. Оның ШҚ ОҚО қызметіне қосқан үлесі бағалы әрі маңызды, ал көпжылдык
еңбегі шын жүректен құрметке және терең алғысқа лайық.
Сізге еңбегіңіз, сенімділігіңіз бен мамандығыңызға деген адалдығыңыз үшін алғыс айтамыз!

