“Шығыс Қазақстан өңірлік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы” КМҚК Донор күнін өткізді.
2021 жылдың 16 – ыншы наурызында «Шығыс Қазақстан өңірлік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы» КМҚК – да Донор күні өтті. Осы күні науқастардың өмірін құтқаруға ниет білдірген «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» КМҚК, «Шығыс» өңірлік орталығы» КММ, «Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы» КММ, «ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы» КММ –ның 50-ден астам қызметкерлері жиналып, қан тапсырды:
«Бұл тұрғыда еріктілік, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыру маңызды мәнге ие болады. Донорлық акция жоғарыда аталған алғышарттарға жауап береді және оны біздің ұйымның әкімшілігі толық қолдайды. Біз қызметкерлеріміздің осы акцияға қатысуға деген ықыласын құптаймыз және олардың азаматтық ұстанымын мақтан тұтамыз», – деп атап өтті «Дарын»оқу орталығының қызметкерлері.
Донорлық қан-бұл қуатты табиғи ресурс. Қан құюсыз перзентханалардың жұмысы, хирургиялық емдеу, көптеген онкологиялық ауруларды емдеу, жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету мүмкін емес. Осындай көмекке мұқтаж адамдарға көмектесе білу өте маңызды. Дәл осындай қамқор адамдардың болуы салауатты қоғамның кепілі – ұлы елдің нағыз толыққанды азаматтарын тәрбиелеуге қабілетті орта.
ҚҰРМЕТТІ ДОНОРЛАР! СІЗДЕРГЕ ШЫН ЖҮРЕКТЕН РАХМЕТ АЙТАМЫЗ! Сіз өмірді құтқарасыз! Сіздің игі істеріңіз болмаса, көмектесуге деген ерікті ниетіңіз болмаса, сеніміңіз бен қатысуыңызсыз бұл әлем мүлдем басқаша болар еді! Жасаған игілікті ісіңіз үшін үлкен рахмет!
Авторы: Мустафина М. А. @p.s._solnse