Кейде «өмірді сақтау» деген сөздер биік әрі алыс нәрсе сияқты естіледі
Бірақ Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығының қабырғасында бұл –
күнделікті шынайы өмір. Мұнда күн сайын күрес жүреді. Өмір үшін. Үміт үшін. Тағы бір
мүмкіндік үшін. Химиотерапиядан өтіп жатқан науқастар үшін қан компоненттерін құю
жай ғана процедура емес. Бұл – қажеттілік. Бұл – әлсіреген ағзаны қолдау, емдеуді
жалғастыруға мүмкіндік, ауруға қарамастан алға жылжуға берілетін мүмкіндік.
Сондықтан бұл орталықтың дәрігерлері, онкологтар, химнотерапевтер мен
медбикелері өз мамандығы талап ететіннен де артық еңбек етеді. Олар қан тапсырады.
Тұрақты түрде. Саналы түрде. Шын жүректен. Олар әрбір тамшының қаншалықты
маңызды екенін біледі. Науқастардың жанарынан үмітті көреді. Құрғақ медициналык
көрсеткіштердің артында тағдырлар, отбасылар, армандар тұрғанын түсінеді. Сондықтан
олар тек біліммен, тек емдеу ғана емес, өздерінің бір бөлшегімен – қанымен де көмектескісі
келеді. Осы Донор күні мұнда үлкен жүректі жандар еңбек ететіні ерекше сезіледі. Көмек
көрсету олар үшін жай міндет емес, бұл – ішкі тандау.
Осы маңызды күні онкологиялық орталықтың медицина қызметкерлеріне
қаламыздын бейжай қарамайтын тұрғындары да қосылды. Мүмкін олар науқастарды жеке
танымайтын шығар, бірақ бір нәрсені- сырт айналып өтуге болмайтынын анық сезінеді.
Бүгін олар осы үнсіз, бірақ аса маңызды күрестің бір бөлігіне айналды. Қол ұшын созған
әрбір жанға алғысымыз шексіз. Батылдықтарыңыз үшін. Мейірімділіктеріңіз үшін.
Басқаларға сыйлаған өмір үшін рахмет!

