Келесі ведомстволық «ШҚ ОҚО-ның Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған қызметкеріміз – Ережепова Гаухар Газизовна, «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-ның (бұдан әрі – ШҚ ОҚО) бас экономисі.

Келесі ведомстволық «ШҚ ОҚО-ның Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған қызметкеріміз – Ережепова Гаухар Газизовна, «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-ның (бұдан әрі – ШҚ ОҚО) бас экономисі.


Ережепова Гаухар Газизовна – жоғары білікті маман, өз ісіне адалдығымен үлгі бола білген,
көпжылдық еңбегі терең құрметке әбден лайық.
1990 жылы Гаухар Газизовна Қарағанды кооперативтік институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Күршім аудандық
Аудандық ТҚ-да бас бухгалтердің орынбасары қызметінен бастап, кәсіби жолының берік негізін қалады.
2000 жылы Гаухар Газизовна Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына бухгалтер
қызметіне қабылданды. 2004 жылы біліктілігінің жоғары деңгейі, жауапкершілігі мен кәсіби
шеберлігінің арқасында бас экономист лауазымына ауыстырылып, бұл қызметті бүгінгі күнге дейін абыроймен атқарып келеді. 2013 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетінде «Құқықтану»
мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, бұл оған кәсіпорынның қаржылық- экономикалық
қызметі мәселелеріне барынша тиімді әрі кешенді түрде қарауға мүмкіндік берді.
ШҚ ОҚО-да еңбек еткен жылдары Гаухар Газизовна стратегиялық жоспарлау мен кәсіпорын
қызметін терең талдауды меңгерген, ресурстарды ұтымды пайдалануды және қаржылық-
экономикалық жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз ете алатын сауатты әрі білікті экономист
ретінде өзін көрсете білді.
Гаухар Газизовнаның көпжылдық еңбегі – кәсібиліктің, жауапкершіліктің және тандаған
мамандығына деген адалдықтың жарқын үлгісі. ШҚ ОҚО-ның қаржылық- экономикалық қызметін
дамытуға қосқан үлесі зор әрі баға жетпес, ал оның жеке қасиеттері, көшбасшылық қабілеті мен кәсіби этикасының жоғары деңгейі шынайы кұрмет пен үлгі етуге әбден лайық.
Адал әрі жоғары нәтижелі еңбегі үшін Гаухар Газизовна Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық
сақтау басқармасы мен Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы басшылығы тарапынан бірнеше
рет Алғыс хаттармен марапатталған.

Биыл Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының ведомстволық «Құрметті қызметкер» төсбелгісіне үш қызметкер ие болды.Касаинова Шынар Даулетхановна – өз қызметіне адалдығы, жауапкершілігі және үздіксіз дамуға деген талпынысы үлгі боларлық адам.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33