Трансфузиологияның конференция өтті
Бүгін, 2023 жылғы 17 мамырда «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында» Клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелеріне арналған кезекті облыстық конференция өтті. Конференцияға өңірдің өндірістік және клиникалық Трансфузиология саласының мамандары қатысты.Конференция гибридті форматта– онлайн-трансляциясы бар аудиторияда өтті, бұл іс-шараға жұмыс орнындағы мамандарға қашықтан қатысуға мүмкіндік берді.
Конференцияны қан орталығының директоры С.А.Шмурыгина ашып, 2022 жылға арналған қорытынды бойынша ШҚО денсаулық сақтау ұйымдарында қанды және оның компоненттерін клиникалық пайдаланудың сыртқы мониторингінің нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ, клиникалық трансфузиологияның проблемалық мәселелерін жариялады. Сонымен қатар, біздің қан орталығымыздың карантиндеу, ақауға шығару, уақытша сақтау және өнімді беру бөлімінің меңгерушісі А.М.Шакшанова ШҚО денсаулық сақтау ұйымдарында құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мәселелерін атап өтті, қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің меңгерушісі Сергеева Е. Е. тыңдаушыларға аппараттық емдік плазмаферезді емдеудің заманауи экстракорпоралдық әдісі ретінде қолдану мүмкіндіктерін ұсынды. Трансфузиолог-дәрігер Н.Р.Журавлева «Облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК-да трансфузиялық терапияны ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. «АUМ+» ЖШС өкілі Оразалы Е. өз баяндамасында конференцияға қатысушыларға иммуногематологиялық зерттеулер кешенін жүргізу, зертханалық бақылау және сапаны сыртқы бағалау үшін DiaMed және Bio-Rad компанияларының өнімдерін ұсынды.
Конференция барысында барлық қатысушылар сұрақтар қоюға және мамандардан құзыретті жауаптар алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, мамандар халыққа трансфузиялық көмек көрсетудің жеке тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушылардың сұрақтарына, оның ішінде онлайн-трансляция чатынан жауап бере алды. Конференцияға қатысушылар қызықты және өзекті баяндамалары үшін үлкен алғыстарын білдіріп, оны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.