Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу күніне

Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу күніне

Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу күніне орай «30 игі іс» акциясы аясында 2022 жылдың 07 және 09 маусымында ШҚО полиция Департаменті мен жол полициясы басқармасының қызметкерлері донорлық қан тапсырды.

Бұл күндері акцияға шамамен 70 адам қатысты. Облыстық қан орталығы қызметкерлерінің әлеуетті донорларды мұқият қарап және жалпы денсаулық жағдайын тексергеннен кейін донорлық акцияға қатысуға 50 адам жіберілді. Өкінішке орай, тамақтану қателіктері, гемоглобиннің төмендігі және әлсіздік акцияға қатысушылардың қан тапсыруына жол бермеді. Акцияға қатысқандардың арасында әр түрлі бөлімшелердің, қызметтердің, лауазымдардың, басшы құрамның қызметкерлері, қатардағы қызметкерлерде болды. Биыл көпшілік акцияға алғаш рет қатысуға шешім қабылдаса, кейбіреуі өмірінде бірінші рет қан тапсырып, донор атанып жатыр.

Жиналған барлық донорлық қан пациенттерді емдеу үшін Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарына беріледі.

Өтеусіз қан тапсыру бойынша акцияны ұйымдастырушылардың бірі ШҚО ПД кадр жұмысы басқармасының бастығы, өзі донор болып табылатын подполковник Дархан Буланов.
“Донорларға міндетті түрде алғыс айту керек, өйткені қазір бұл біздің еліміз үшін өте өзекті мәселе.

Сондықтан, өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетуге уақыт таба білген,ең бастысы, олар мұны денсаулығына байланысты жасай алған адамдар мақтауға тұрарлық. Біздің донорларға рахмет!”- деп атап өтті ШҚОҚО фельдшері Елена Акентьева.

Біз ШҚО полиция Департаментінің барлық донорларына, сондай-ақ кадр жұмысы басқармасының бастығы, подполковник Дархан Буланов шын жүректен ❤️ алғыс айтамыз 🙌🏻және отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс, жақсы көңіл-күй тілейміз!

Халықта ежелден «Қайғы біріктіреді» деген сөз барҚұрметті Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, қонақтары!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33