Иммундық плазманы тапсыруға арналған критерийлер
Облыстық қан орталығына келмес бұрын назар аудару қажет иммундық плазманы тапсыруға арналған критерийлер:
*Донордың жасы 18-ден асқан, жеке куәлігі бар және салмағы кемінде 55 кг болуы керек.
* Денсаулығы мықты ер адамддар және анамнезінде жүктілік болмаған және босанбаған әйелдер (1 млн құюға сирек 1 даму мүмкіндігіне байланысты)
* Шынтақ шұңқырында айқын тамырлары бар.
Донорлыққа қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар (В, С вирустық гепатиттерінің, АИТВ, мерездің, бруцеллездің, психикалық аурулардың, нашақорлықтың, алкоголизмнің, асқыну сатысындағы созылмалы аурулардың, операциялардың және ҚР нормативтік құжаттарының талаптарында белгіленген басқа да аурулардың болмауы).
Иммундық плазма донорларына ақы төлеу 7 АЕК-20419 теңге
Донорларды қабылдау сағат 8.30 -дан 13.00 -ге дейін,
Бздің мекен жайымыз Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11
№ 17, 43, 46, 260 автобустарымен келуге болады.
Сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша мына телефон нөмірлеріне 70-08-08, 70-38-38, 87057985940 хабарласуларыңызға болады:
Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы тиіс!