Кулиманова Сандуғаш Муратовна 1999 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді

Кулиманова Сандуғаш Муратовна 1999 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірді

Институтты бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығының базасында «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша интернатурадан өтті.
Еңбек жолын 2001 жылы Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің хирург-дәрігері қызметінен бастады. 2009 жылы «Трансфузиология» мамандығы бойынша кәсіби қайта даярлаудан өтіп, трансфузиолог дәрігер біліктілігін алды.
Қан қызметінде еңбек еткен жылдары ішінде Сандуғаш Муратовна терең кәсіби білімімен, жоғары жауапкершілігімен және өз ісіне деген адалдығымен ерекшеленетін жоғары білікті маман ретінде танылды. 2018 жылы қан компоненттерін карантиндеу, жарамсыз деп тану және уақытша сақтау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2022 жылдан 2026 жылдың ақпан айына дейін донорларды жинақтау бөлімін басқарды.
Донорларды жинақтау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген кезеңде Сандуғаш Муратовна Шығыс Қазақстан облысында донорлық қозғалысты дамытуға, өтеусіз донорларды тарту жұмыстарын жетілдіруге және халықтың қан мен оның компоненттерін донорлыққа тапсырудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға елеулі үлес қосты.
2021 жылдың сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазақстандық трансфузиялық медицина қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының жетекшісі болып табылады.
Кулиманова Сандуғаш Муратовна «Трансфузиология» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатына ие. Ол жоғары кәсібилігімен, бастамашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, қағидатшылдығымен және қызметтік міндеттерін орындауға деген жауапкершілігімен ерекшеленеді. Әріптестері арасында зор құрмет пен беделге ие, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
Көпжылдық адал еңбегі және қан қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірнеше рет кәсіпорын басшылығының, Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының және облыс әкімдігінің марапаттарына ие болды. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Қан қызметінің 90 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының қан қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Қан қызметі жүйесінде 25 жылдық үздіксіз еңбек жолында Кулиманова Сандуғаш Муратовнатрансфузиологияны дамытуға, донорлық қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қан қызметінің жұмысын жетілдіруге және өңірдегі донорлық қозғалысты дамытуға елеулі үлес қосты. Оның көпжылдық мінсіз еңбегі, жоғары кәсібилігі және таңдаған мамандығына деген адалдығы – отандық денсаулық сақтау саласына қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі.

Кәсібилік, өз ісіне адалдық және үнемі кәсіби дамуға ұмтылыс — Гульдар Укужаровна Матаеваның басты ерекшеліктеріЕкимцева Елена Анатольевна медицина саласындағы еңбек жолын Өскемен медициналық колледжін «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша үздік бітіргеннен кейін бастады

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33