Күш өзіңізде, қымбатты донор!
Сіз супер қаһарман емессіз, бірақ сіз өмірді құтқарасыз. Сіз назардың ортасында емессіз, бірақ сіз біреудің тағдырының ортасындасыз. Сіз бір кездері көмектесуге шешім қабылдаған адамсыз. Сіз жай ғана қан тапсырдыңыз және бұл жеткілікті болды. Қымбатты донор, жылулық пен сыйға тартқан өмір үшін Сізге рахмет. Сіз сатып ала алмайтын – үміт пен уақытты сыйлайсыз. Сіз алғыс күтпейсіз. Сіз дұрыс таңдау жасағаныңызды білесіз, өйткені біреу аяғынан тұрып, біреу сауығып кетті, біреу аман қалды-өйткені сіз уақытында келдіңіз. Сіз тек донор ғана емессіз, сіз мүмкіндік сыйлайсыз. Сіздің арқаңызда, біреу балаларын қайтадан құшағына алды, біреу жансақтау бөлімінен шықты, біреу ауруды жеңді. Өйткені Сіз болдыңыз. Өйткені ең қажет сәтте сіз өтіп кетпедіңіз.
Күшіңіз бен жүрегіңіз үшін рахмет.
Жақын болғаныңызға рахмет. Күш өзіңізде, қымбатты донор!