Көрінбейтін қалқан»: ШҚ ОҚО орталығының жұқпаларды диагностау зертханасы қалай жұмыс істейді

Көрінбейтін қалқан»: ШҚ ОҚО орталығының жұқпаларды диагностау зертханасы қалай жұмыс істейді


Жұқпаларды диагностау зертханасында күн сайын жүздеген адамның қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін жұмыс жүргізіледі. Жұқпаларды диагностау зертханасы
реципиенттердің денсаулығын қорғауда тұрған өзіндік «көрінбейтін қалқан».
Жұқпаларды диагностау зертханасындағы жұмыс қазіргі заманғы зертханалық
диагностика әдістерін пайдалана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттардың
талаптарына сәйкес облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын жұқпалық қауіпсіз қан өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған.
Бұл әрбір донация қан арқылы берілуі мүмкін жұқпаларға тексеруден өтетінін
білдіреді. Осы мақсатта жұқпаларды диагностау зертханасында жоғары сезімтал және
спецификалық талдау әдістерін қолдана отырып, «жабық типтегі» анализаторларда екі
сатылы скрининг жүргізіледі:
1-кезең – иммунохемилюминесценттік талдау (ИХЛТ) – жоғары сезімталдық пен
спецификалыққа ие «антиген-антидене» кешенін анықтауға негізделген иммунологиялық
талдау әдісі, ол АИТВ жұқпасы, В және С вирустық гепатиттері, мерез маркерлерін
анықтауға қолданылады. Зерттеулер АҚШ-да өндірілген Architect 1000/Architect 2000
анализаторларында жүргізіледі.
2-кезең – нуклеин қышқылдарын амплификациялауға негізделген молекулалық-
биологиялық зерттеу (NAT) – донорлық қан үлгілерінде ДНҚ/РНҚ нуклеин қышқылдарын
анықтауды қамтамасыз етеді. Тек 1-кезең скринингінде теріс нәтиже алынған үлгілер ғана
2-кезеңде әрі қарай зерттеуге жіберіледі. Зерттеулер Швейцарияда өндірілген Cobas s201
жүйесінде жүргізіледі. Бұл технологиялар жұқпаны клиникалық түрде әлі көрсетпеген
кезде де ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ барлық құрал-жабдық пен
технологияны адамдар басқарады. Зертхана ұжымы – тек кәсіби білімі жоғары
мамандардан ғана емес, сонымен бірге қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін команда.
Біз түсінеміз: біздің жұмысымыз біреудің өміріне тікелей әсер етеді! Біздің
қызметіміз көбіне көзге көрінбей қалады. Донорлар басқаларға көмектесу үшін келеді,
пациенттер өмірге аса қажетті қанды алады – бірақ оның қандай жолдан өтетінін сирек
ойлайды. Сондықтан біз өз жұмысымызды «көрінбейтін қалқан» деп атаймыз: біз көзге
көрінбейміз, бірақ әрқашан жаныңыздамыз, әр адамның денсаулығын қорғаймыз.

Әлеуметтік желілер және қан донорлығы

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33