Жұқпаны диагностау зертханасы

Жұқпаны диагностау зертханасы

Жұқпаны диагностау зертханасындағы (бұдан әрі – ЖДЗ) жұмыс ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін зертханалық диагностиканың қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын жұқпалық-қауіпсіз қан өнімдерімен қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырылған.ЖДЗ-да трансфузиялық-трансмиссиялық жұқпаларға жүргізілетін зертханалық зерттеулердің сапасы қамтамасыз етіледі:

1. Ішкі сапа жүйесімен бақыланатын және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін, қателердің туындау тәуекелін болдырмауға, жасырын өтіп жатқан сатыда жұқпаны анықтауға мүмкіндік беретін жабық үлгідегі автоматты талдағыштарды пайдалана отырып, донорлық қан үлгілерінің екі кезеңдік скринингін (жұқпалық агенттердің антиденелерін + антигендерін анықтаудың иммунологиялық әдісі және вирустық РНҚ/ДНҚ анықтаудың молекулярлық-генетика лық әдісі) қолдану арқылы жүзеге асырылады.

2. Сапасына міндетті түрде кіру бақылауын жүргізе отырып, Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген, сезімталдығы мен ерекшелігі жоғары диагностикалық реагенттерді пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

3. Референс-зертханаларда зертханаішілік бақылауды және зертханалық зерттеулердің сапасын сырттай бағалауды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

4. Донорлық қан үлгілерін инфекциялық маркерлерге зертханалық зерттеу сапасына сараптамалық бағалау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін донорлық қан сарысуын мұрағаттау арқылы жүргізіледі.

5. Ақпараттық технологияларды, қағаз нұсқасында және көзбен шолып бағалауды пайдалана отырып, донорлық қан үлгілерін бірегей сәйкестендіруді және оларды алу сәтінен бастап түпкілікті зерттеу нәтижелерін қан компоненттерін карантиндеу, ақауға шығару және уақытша сақтау бөлімшесіне беруге дейін олардың қадағалануын қамтамасыз етуге міндетті.

ЖДЗ зертхананың техникалық құзыреттілігін персоналдың дайындығымен, біліктілігімен және тәжірибесімен, аттестатталған, калибрленген және тиісті түрде қызмет көрсетілетін сынақ жабдықтары мен құралдарының болуымен, сондай-ақ тіркеу және есептілік рәсімдерінің шынайылығымен, ашықтығымен растайды.

Жұқпаны диагностау зертханасының қызметкерлері өз жұмысын жауапкершілікпен адалдықпен, жоғары кәсібилікпен және Қазақстан Республикасының әрбір азаматының тағдырына қатысты қағидаттарды негізге ала отырып орындайды, бұл пациенттер үшін қан компоненттерінің жоғары жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Матаева Г.У.

Құрметті Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, қонақтары!«Қан тапсыру – ынтымақтастық актісі. Донор болыңыздар және өмірді құтқарыңыздар!»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33