Лайықты марапатпен құттықтаймыз!
Тунгатова Калима Нуксынкановна 19 жыл бойы қан орталығында
функционалды қамтамасыз ету бөлімінің медбикесі лауазымында еңбек етіп
келеді. Ол өзінің кәсіби міндеттеріне жауапкершілікпен, ұқыптылықпен және
адалдықпен қарайды. Калима Нуксынкановна -жоғары білікті маман ғана емес,
сонымен қатар ұжымда лайықты құрмет пен сүйіспеншілікке ие мейірімді,
жанашыр, мұқият адам.
Көп жылғы адал еңбегі үшін, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтауды
дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін медицина қызметкері күніне орай Калима
Нуксынкановна «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен
марапатталды.
Сізді осы лайықты марапатпен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор
денсаулық, бақыт, амандық және жаңа кәсіби табыс тілейміз!