Мейірімге толы жүрек!
2024 жылғы 19 маусымда «ШҚО бойынша Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ қызметкерлері қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға қан тапсыру бойынша донорлық күн ұйымдастырды. Таңертеңнен бастап осы ұйымның өзгенің өміріне бей-жай қарамайтын қызметкерлері қарбалас күнге қарамастан алдыңғы қатарда тұрып, қан тапсырды.
«Мейірімді жүрек – бұл өз жылылығымен бөлісе алатын және өзге адамның қайғысын түсінетін жүрек, бұл жанашырлық пен қуануға қабілетті, яғни шынайы болуға қабілетті жүрек. Мейірімділік әлемді құтқарады. Осы күштің арқасында әлем әлі күнге дейін сақталып келеді. Сондықтан біз барлық адамдарға айтарымыз: «Жақсылық жасауға асығыңыз, өйткені сіз әлемдегі бақыт пен махаббат санын көбейтесіз!» – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
«ШҚО бойынша Азаматтарға арналған үкімет” МК» КЕАҚ донорлық күнді ұйымдастырушыларға мейірімді жүректері мен жасаған игі істері үшін зор алғысымызды білдіреміз. Донорларға зор денсаулық пен отбасылық амандық тілейміз!