Мейірімді жүрек – жылуын бөлісе алатын жүрек!

Мейірімді жүрек – жылуын бөлісе алатын жүрек!

2023 жылғы 05 шілдеде “ШҚО бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” МК ” КЕАҚ қызметкерлері қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға қан тапсыру бойынша донорлық күн ұйымдастырды. Таңертеңнен бастап өзгенің өміріне бей-жай қарамайтын осы ұйымның қызметкерлері, қарбалас күнге қарамастан алдыңғы қатарда тұрып қан тапсырды.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Сондықтан біз барлық адамдарға айтқымыз келетіні: “Жақсылық жасауға асығайық. Бір-бірімізге жасайтын жақсылығымыз арта берсін!» демекпіз.

ШҚО бойынша “Азаматтарға арналған үкімет “МК” КЕАҚ донорлық күнді ұйымдастырушыларына, жасап жатқан игі істері үшін зор алғысымызды білдіреміз. Донорларға зор денсаулық, отбасыларыңа амандық тілейміз!

Авторы Мустафина М. А.

Үздіксіз оқыту – кәсібиліктің кепілі!Хабарлама №11

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33