«Мен – Донормын!» атты ұранмен донорлық акция өтеді

«Мен – Донормын!» атты ұранмен донорлық акция өтеді

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары! ҚР Конституциясы және Өскемен қаласы Күні қарсаңында 2024 жылғы 29 тамызда «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да «Мен – Донормын!» атты ұранмен донорлық акция өтеді. Донорлық акцияның мақсаты қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастардың өміріне бей – жай қарамайтын барлық тұрғындарды қан тапсыруға шақыру. Қан тапсырғаннан кейін донорларға 2 күндік демалысқа анықтама, 1000 тг және Эйра Мед компаниясынан гематоген беріледі. Құрметті донорлар, біз сіздерді қан орталығында күтеміз! Акцияға келіңіздер және достарыңызды, көршілеріңізді, туыстарыңыз бен жақындарыңызды донацияға шақыруды ұмытпаңыздар!

Біздің мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11 Қан орталығына № 17, 46, 26 автобустармен және 260 маршрутпен келуге болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек! Донорларды қабылдау түскі үзіліссіз, сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін.

ШҚО тұрғындары арасында алаяқтықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері ғаламтор-алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шараларды белсенді жүргізуде«Қамқорлық- ізгілікке бастар жол»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33