Ғаламтор-алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шаралар
Бүгінгі таңда қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты алаяқтық жасалып жатқаны ешкімге құпия емес және Шығыс Қазақстан облысы да қалыс қалған жоқ.
ШҚО тұрғындары арасында алаяқтықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері ғаламтор-алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шараларды белсенді жүргізуде. Осындай түсіндірме әңгімемен 2023 жылдың 24 – інші қаңтарында ШҚО қан орталығына Өскемен қаласының Сол жағалау полиция басқармасының @oskemen_police қызметкерлері келді.
Әңгіме барысында шот иесінің келісімінсіз шоттан ақшаны есептен шығару, құпиясөз бен ДСН-кодтарды ұрлау, ғаламторда оңай ақша табу және керемет пайыздар бойынша салымдар, онлайн-казино сияқты қаржылық алаяқтықтың барлық түрлеріне тақырыптар қарастырылды. Сондай-ақ, қылмыскерлердің уәдені жаудырып, адамның сеніміне кіріп алыпсатарлық жасайтыны, ақшаны тартып алу үшін банк қызметкерлерінің немесе мемлекеттік ұйымдардың атын жамылатындығы жайлы сөз қозғалды.
Құрметті шығыс қазақстандықтар, алаяқтардан сақ болыңыздар! Өздеріңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыздар!