«Қош келдің Әз – Наурыз» іс-шарасы
Наурыз-көктемгі жаңару мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз-жаңа жылдың басы, көктемгі күн мен түннің теңесуі күнімен сәйкес келеді. Қазақтарда да, Азияның көптеген халықтарында да бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббат салтанатының, құнарлылық пен достықтың символы болып табылады. Күзден күңіреніп, қыстан қысылып шыққан халық тонын шешіп, күнге еркелеп, ескен таудың салқын самалымен кең тыныстап, ұлы Наурыздан мол ырыс күтеді.Осы кезде ата-бабаларымыз тозуға жақындаған ескі киімдерін тастап, тазалана бастаған. Жаңа жылдан жақсы үміттер күтіп, бәле-жала осылармен кетсін деп ескі немесе сынық ыдыстардан құтылған. Тіршілік қайта тіріліп, жандансын деп айналаны тазартып, бұлақ көзін ашқан,мерекеге орай ағаштар, гүлдер отырғызған.
Наурыз мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 20 – ыншы наурызы күні облыстық қан орталығының акт залында «Қош келдің Әз – Наурыз» атты мерекелік іс – шара өтті. Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің студенттерінің күмбірлете орындаған күйі, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің студенттері Ілияс Мейірімхан мен Батырханов Темірланның орындауындағы халық әндері, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы сапаны бақылау бөлімінің қызметкерлері Асылханова Жазира мен Скакова Нұргүлдің әуеле шырқатқан әсем әндері, «Kids Dance» би тобы қыздарының мың бұрала билеген биі мереке сәнің аша түсті.
Қазақтың жаңа жылы – 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт- береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!