Біздің тұрақты донорымыз-Афанасьева Наталья Петровна.
Наталья Петровна 2015 жылдан бастап өтеусіз қан доноры болып табылады және бүгінгі күнге дейін 14 рет қан тапсырды. Ол донор жолын “КЭМОНТ”АҚ-да көшпелі донорлық акциялардан бастады.
Біз адам баласы өзгенің қайғы – мұңын бөлісу қабілетімен туылатынына сенімдіміз. Қан тапсырған сайын донордың өзге адамға өмір сыйлауға мүмкіндігі бар, сонымен қатар ол ештеңені жоғалтпайды, өйткені жасаған жақсылығы өзіңе мың еселеп қайтады.
Донорлық тек медициналық рәсім емес. Бұл біздің өмірімізді кем дегенде біршама жақсартудың ең қарапайым және қол жетімді тәсілі.
Наталья Петровнаға тапсырылған қан мен науқастарға көрсеткен көмегі үшін және облыста өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін үлкен рахмет. Сізге және Сіздің жақындарыңызға денсаулық және отбасыңызға амандық тілейміз!
Авторы: Мустафина М.А.