Жаңа Қазақстан – бұл қазіргі ұрпақтың болашаққа деген өсиеті.

Жаңа Қазақстан – бұл қазіргі ұрпақтың болашаққа деген өсиеті.

2022 жылдың 16 наурызында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзін үлкен тебіреніспен және ықыласпен тыңдады.

Жолдау саяси реформалардың жаңа бағдарламасын және жақын арада жүзеге асырылатын бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыруға арналды.

«Мен біздің азаматтарымыздың бақытты өмірі ертең емес, бүгін болғанын қалаймын. Тәуелсіздік біз үшін бәрінен жоғары. Бұл тұрақсыз, құбылмалы әлемде біздің Қазақстан бізден басқа ешкімге керек емес. Мен үшін елдің әл-ауқатынан маңызды ештеңе жоқ. Бірінші кезекте, мені халықтың болашағы қалай болатыны алаңдатады. Әр түрлі адамдар менің қызметімді қалай бағалайтынына қарамастан, менің ең маңызды міндетім – мемлекеттілігімізді қорғау. Мен толық жауапкершілікті өз мойныма алуға дайынмын. Менің қасиетті парызым – ата-бабалар өсиетіне адал болу.

Жаңа Қазақстан – бұл қазіргі ұрпақтың болашаққа деген өсиеті. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Қасиетті Отанымыз гүлдене берсін!» – деді сөз соңында Президент.

Іс-әрекеті Қазақстанның егемендігі мен тұтастығын сақтауға бағытталған ел үшін қиын уақытта Қазақстан Республикасының Президентіне зор алғысымызды білдіреміз.

Авторы: Мустафина М.А.

Хаттама №5Альфа банк “АҚ Өскемен қ.филиалында донор күні 2022 жылғы 16 наурызда өтті.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33