Клиникалық трансфузиология мәселелері жөніндегі облыстық конференция

Клиникалық трансфузиология мәселелері жөніндегі облыстық конференция

2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес трансфузиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының білімін жетілдіру мақсатында 2021 жылғы 27 – інші мамырда ZOOM платформасында онлайн көрсетіліммен қатар Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының (ШҚОҚО) қабырғасында клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелеріне арналған облыстық конференция өтті.
Конференцияға стационарлық көмек көрсететін Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігер-трансфузиологтары қатысты. Конференция барысында: ШҚ ОҚО директоры С. А. Шмурыгина «Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарының денсаулық сақтау ұйымдарында қан компоненттерінің азаймайтын қорын қалыптастыру тәжірибесі» тақырыбында сөз сөйледі.
ШҚОҚО өнімді беру тобының меңгерушісі А.М.Шакшанова: ҚРДСМ 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығымен бекітілген «Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы» тақырыбында сөз алды.
Өскемен қаласы №4 қалалық ауруханасының дәрігер-трансфузиологы – С. В.Недбайло: «Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасында иммундық плазманы қолдану тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.
«Әр түрлі» бөлімінде реципиенттердің қан үлгілеріне иммуногематологиялық зерттеулер жүргізу мәселелері, сондай-ақ трансфузиология тәжірибешілері COVID-19 – бен ауырған емделушілерді денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу үшін иммундық плазманы қолдану туралы ақпаратпен бөлісті.
Баяндамалар жоғары кәсіби деңгейде сипатталды, ал баяндамаларда қарастырылған мәселелер конференцияға қатысушылар арасында белсенді түрде талқыланды.
Конференция соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Біз конференция баяндамашыларына ұсынылған тақырыптардың мазмұндылығы мен өзектілігі үшін, конференция тыңдаушыларына – талқылауға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз.

Донорлық күнМƏМС

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33