Облыстық қан орталығына әскери қызметшілер келді

Облыстық қан орталығына әскери қызметшілер келді

Бүгін, 2022 жылғы 29 сәуірде “Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК-ға 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді.

Орталыққа келудегі мақсаттары-қан тапсыру және сол арқылы қан компоненттерін құюды қажет ететін ШҚО денсаулық сақтау ұйымдарындағы пациенттердің өмірін сақтау.

Әскери қызметшілердің өздері донорлықтың қаншалықты маңызды екенін жеке мысалмен көрсету керек деп санайды – мүмкін олардың қаны біреудің өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ерікті өтеусіз донорлық іс-шараларға тұрақты негізде қатысатынын атап өту қажет.

Өз кезегінде облыстық қан орталығының басшылығы барлық әскери қызметшілерге өтеусіз қан донорлығын дамыту мен насихаттау ісіне қосқан белсенді үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді.

Барлық донорларға түсіністік пен ықылас үшін алғыс айтамыз!

AlphaMedGroupДонорлық сенбі

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33