Облыстық аурухананың дәрігерлері ШҚ ОҚО қорларын толықтырды!

Облыстық аурухананың дәрігерлері ШҚ ОҚО қорларын толықтырды!

2024 жылғы 13 ақпанда «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлері мен басқа да жұмыскерлері игі іс жасады. Біреу үшін донорлық өмір салтына айналса, ал біреу кейінірек үлкен донорлық қозғалыстың бір бөлігі болу үшін алғаш рет донорлар қатарына қосылды.

Донор күні-игі істер мен ересектердің саналы іс-әрекеттерінің нағыз мерекесі.

«Донорларға деген қажеттілік әрқашан өте жоғары. Қан компоненттері-плазма мен эритроциттер – хирургиялық оталарда, жарақаттарды, күйіктерді, ауыр онкогематологиялық ауруларды емдеу үшін және т.б. қолданылады.Қан тапсыру-өзгенің өміріне бей-жай қарамайтын және әлеуметтік жауапты азаматтардың игі әрекеті. Донорлық қансыз кейде адамның өмірін сақтап қалу мүмкін емес. Біздің планетамыздың әрбір үшінші тұрғынына кем дегенде бір рет қан құю қажет болды. Сондықтан донорлардың көмегі баға жетпес!”- деп атап өтті облыстық аурухананың медицина қызметкерлері.

Бұл күні облыстық аурухананың медицина қызметкерлері қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмек ретінде қан тапсырып қана қоймай, біреудің сауығып кетуіне себепші  болу үшін гемопоэтикалық дің жасушалары (бұдан әрі – ГДЖ) донорларының қатарына қосылды!

ШҚО-да донорлықты қолдағаны үшін «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы»  ШЖҚ КМК бас дәрігері Бүркітов Ерлан Төлеуғазыұлына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Құрметті әріптестер, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға тапсырылған қан үшін үлкен рахмет. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және отбасыларыңызға амандық, қиын да абыройлы жұмыстарыңызға табыс тілейміз!

Өскемен қаласы мен облыс тұрғындарын ГДЖ донорларының қатарына қосылуға шақырамызДонорлық және жіңішке тамырлар

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33