Облыстық қан орталығына алғаш рет «Вerel» волейбол клубының ойыншылары қайырымды миссиямен келді.
Спортшылар күш тек алаңдағы жеңістерде ғана емес, сонымен бірге біреудің өмірін сақтап қалу үшін ең құнды – қанмен бөлісуге дайын екендерін дәлелдеді.
Біз дәл осы «Berel» клубының Шығыс Қазақстанның донорлық қозғалысына келіп қатысуының жақсы дәстүрі басталатынына қуаныштымыз. Олардың үлгісі жастар мен аймақ тұрғындарын басқаларға көмектесуге шабыттандырады.
Өтеусіз донорлықты қолдағаны және жалпы өмір мен денсаулықты сақтау ісіне қосқан үлесі үшін командаға алғыс айтамыз!