Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада қан донорлығын дамыту аясында ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, өткізілді.

Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада қан донорлығын дамыту аясында ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған іс-шараға кітапхана басшылығы, ұжым және оқырмандар қатысты. Кітапхана ұжымымен кездесуді ӘШБ басшысының орынбасары, біздің донорымыз Раисов Аян Бақытұлы ұйымдастырды. Іс-шараны халықты донорлыққа үгіттеу жөніндегі маман Мустафина Мира өткізді. Ол іс-шараға қатысушыларға Қазақстандағы қан донорлығы туралы, қалай донор болу керектігін айтып, қан тапсыру үдерісі туралы барлық қорқыныштарды сейілтті. Кездесу соңында Мустафина Мира кездесуге қатысушыларға ақпараттық кітапшалар табыс етті.

«Қан тапсыру донордың ағзасы үшін өте пайдалы – мұны дәрігерлер растайды және ең бастысы- құтқарылған  өмір үшін қуаныш сезімін сезіне білу. Барлық адамдар  медициналық себептермен қан тапсыра алмайды, алайда сіз салауатты өмір салтын ұстансаңыз және өмірді сақтауға көмектесуге дайын болсаңыз, қан донорлары тобына қосылыңыз!»- деп атап өтті Мира Мустафина. Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана ұжымына және Аян Бақытұлына облысымызда өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.

№16 хабарландыру БҰСДонорға алғыс

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33