2024 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ?
↪️ Жұмыс берушілер – қызметкер жалақысының 3️% төлейді
☝️ 25 500 теңгеден аспайды
↪️ Жалдамалы қызметкерлер жалақысының 2️% төлейді
☝️ 17 000 теңгеден аспайды
❗️ салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс
↪️ Дербес төлеушілер 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, яғни 4️250 теңге
↪️ Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5% төлейді, яғни 5950 теңге.
❌️ 2024 жылдың қаңтарынан бастап БЖТ болмайды
⁉️ Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар келесі тәсілдермен сақтандырыла алады:
✔️ жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлеу;
✔️ жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.
↪️ 2024 жылы Бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5% құрайды.
Бірыңғай төлем – жалақыдан ұсталатын 5 төлемді біріктіреді.
✔️ Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
✔️ Әлеуметтік төлемдер (ӘТ);
✔️ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС);
✔️ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар;
✔️ Жеке табыс салығы (ЖТС).
☝️ Бірыңғай төлемді жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнес өкілдері, жеңілдетілген декларация бойынша немесе арнайы салық режимдерінде жұмыс істейтіндер (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін) төлейді.
↪️ 15 жеңілдік санатына кіретіндер үшін жарналарды мемлекет төлейді.
✔️ 2024 жылы бір адамға айына 5852,63 теңге төленеді.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМҒА ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК?
Қазақстанда 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады.
⁉️ Емханаға қалай тіркелуге болады және өтінім бойынша Сізге қанша уақытта жауап беру керек, инфографикадағы егжей-тегжейлі нұсқаулықтан біле аласыз.
⁉️ Енді олардың ерікті медициналық сақтандыру шарты (ЕМС) болуы тиіс. Кестеде механизм қалай жұмыс істейтінін көрсеттік.
Достар, тіркеу немесе қайта бекіту кезінде аумақтық қол жетімділік маңызды рөл атқарады. Яғни, қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер сізге көмек көрсетіп, үйде бақылап отыруы үшін тұрақты тұратын жеріңізде орналасқан емхананы таңдау қажет.
✅ Сондай-ақ, емхананы таңдау кезінде оның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болып табылатынына немесе табылмайтынына міндетті түрде назар аударыңыз. Бұл өте маңызды, өйткені Сіз ертең МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығыңызды пайдалана алуыңыз осыған тікелей байланысты.
Тіркеуге қолжетімді емханалардың тізімімен Қор www.fms.kz сайтында “Емхананы таңдау” бөлімінде танысуға болатынын ескертеміз.
Және тағы бір өте маңызды сәт!
❗ Науқан кезеңінде МСАК ұйымына бекітіле отырып, Сіз онда медициналық көмекті 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қана ала бастайсыз. Яғни, 31 желтоқсанға дейін Сізге бұрын тіркелген емханада қызмет көрсету жалғастырылады.
Ал науқан басталмайынша, медициналық көмектен қол үзіп қалмау үшін өзіңіздің тіркемеңізді тексеріңіз. Мұны тікелей тұрғылықты жеріңіз бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталында ЭЦҚ арқылы жасауға болады.
МӘМС МӘРТЕБЕСІН HALYK, ЦЕНТРКРЕДИТ ЖӘНЕ KASPI БАНКТЕРІНІҢ ҚОСЫМШАЛАРЫНДА ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ
Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі (сақтандырылған/ сақтандырылмаған) енді банктің Halyk, ЦентрКредит Банкі және Kaspi Bank мобилдік қосымшаларында енгізілді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде сақтандырудың мәртебесін тексерудің қолжетімді тәсілдерін кеңейту және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Енді сіз мұны кейбір екінші деңгейлі банктердің мобилдік қосымшаларында жасай аласыз.
Алдыңғы 12 айдағы төлемдердің мәртебесі мен қолжетімділігін Халық Банкінің қызметі арқылы тексеруге болады. Ол үшін Halyk мобилдік қосымшасын орнату, авторизациялау, “Мемлекеттік қызметтер” бөлімін таңдау, бұдан әрі “МӘМС” кіші бөліміне өтіп, ЖСН енгізу қажет. Halyk арқылы медициналық ұйымға тіркелу туралы мәліметтер де қол жетімді – “Мемлекеттік қызметтер” бөліміндегі “Анықтамалар” командасы арқылы, онда тұрғылықты мекенжайы, емхананың атауы, тіркелген күні және учаскенің нөмірі көрсетілген ақпарат көрсетіледі.
Алдыңғы 12 айдағы төлемдердің мәртебесі мен қол жетімділігін ЦентрКредит Банкінің сервисі арқылы да білуге болады. Мобилдік қосымшаны орнату арқылы BCC.KZ. оған кіріп, “Мемлекеттік қызметтер” бөлімін таңдап, әрі қарай “МӘМС ақпараты” бөлімінде ЖСН енгізу қажет. Kaspi.kz
мобилдік қосымшаны орнату арқылы Kaspi Bank арқылы да сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Авторизациядан кейін “Мемлекеттік қызметтер” бөліміне кіріп, “МӘМС мәртебесін” таңдау керек.
Соңғы 12 айдың төленбеген кезеңдері болған жағдайда банктердің қосымшаларында олар үшін жарналарды төлеуге болады. Төлемдерді тексергеннен кейін “Сақтандырылған” мәртебесі беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, сіз өзіңіздің мәртебеңізді келесі ақпараттық қызметтер арқылы тексере аласыз:
– Qoldau 24/7 мобилдік қосымшасы
– Ресми сайт fms.kz
– @ SaqtandyrýBot Telegram-да
– Байланыс орталығы 1414
– Damumed мобилдік қосымшасы.
МӘМС енгізу тарихы 2014 жылғы 17 қаңтар – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында “міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы мәселені зерделеу қажет. Мемлекеттің, жұмыс берушінің және жұмыскердің оның денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызмет көрсетудің барлық жүйесінің басты қағидаты”. 2015 жылғы 6 мамыр – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі “100 нақты қадамды” белгіледі. Мәселен, осы жоспардағы 80-ші қадам Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді көздейді. Сондай-ақ мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті (МСАК) басымдықпен қаржыландыру. Алғашқы көмек аурулардың алдын алу және оларға қарсы ерте күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.
2015 жылғы 16 қараша – Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында “міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы”ҚР Заңы қабылданды. Құжат мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидаты негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бөлігінде реформаларды іске асыруға бағытталған. Заң, атап айтқанда, коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құруды көздейді. 2016 жылғы 13 мамыр – “денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы” ШЖҚ РМК базасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. 2016 жылғы 23 тамыз-ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңының жобасын әзірледі, ол жақын арада ҚР Үкіметінің қарауына енгізіледі.
МӘМС туралы заң
Ақша қаражатының қозғалыс сызбасы ФОСМС Буклет орыс нұсқасы ФОСМС Буклет казахская версия Қазақстанда МӘМС енгізу бойынша сұрақтар мен жауаптар буклеті Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелде емдеу Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын емдеуді жүзеге асыратын шетелдік клиникалардың тізімі Мүгедектікті ресімдеу бағыты Вакцинациядан кейін жанама әсерлерді анықтау моделі
КТО И СКОЛЬКО БУДЕТ ПЛАТИТЬ ЗА ОСМС В 2024 ГОДУ?
Работодатели платят 3% от зарплаты работника
☝️Не более 25 500 тенге
Немные работники платят 2% от зарплаты
☝️ Не более 17 000 тенге
Максимально облагаемый доход не более 10 МЗП (в 2024 году это 850 000 тенге)
▶️ Самостоятельные плательщики платят 5% от 1 МЗП, или 4250 тенге
▶️ Индивидуальные предприниматели платят 5% от 1,4 МЗП, или 5️⃣ 9️⃣5️⃣0️⃣ тенге
❌️ С января 2024 года платежа ЕСП не будет
Самозанятые могут застраховаться следующими способами:
✔️ зарегистрироваться в качестве ИП и платить взносы как индивидуальный предприниматель;
✔️ оплачивать взносы в качестве самостоятельного плательщика.
↪️ Ставка Единого платежа в 2024 году составляет 21,5% от фонда оплаты труда.
Единый платеж – это объединение 5-ти платежей с заработной платы в один:
✔️ обязательные пенсионные взносы (ОПВ);
✔️ социальные отчисления (СО);
✔️ взносы на обязательное социальное медицинское страхование (ВОСМС);
✔️ отчисления на обязательное социальное медицинское страхование (ОСМС);
✔️ индивидуальный подоходный налог (ИПН).
☝️ ЕП оплачивают ИП и МСБ, работающие по упрощенной декларации или специальному налоговому режиму (для производителей сельскохозяйственной продукции).
↪️ Взносы за 15 льготных категорий – платит государство
✔️ В 2024 году это 5852,63 тенге за одного человека в месяц.