Біз сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз
Қайырлы күн достар! Сіздердің «Қалай гемопоэздік дің жасушаларының доноры болуға болады?» және «Ол үшін не қажет?» деген сұрақтарыңызға жауап береміз.
Гемопоэздік дің жасушаларының (бұдан әрі – ГДЖ) доноры болу үшін сізге:
- ГДЖ әлеуетті донорының белгіленген үлгідегі сауалнама – келісімін толтыру;
- Сіздің деректеріңізді типтеу және ҚР ГДЖ донорларының Ұлттық тіркеліміне енгізу үшін 9 мл көктамырдан қан тапсыру қажет. Осылайша сіз дің жасушаларының «әлеуетті» доноры бола аласыз.
МАҢЫЗДЫ!! Сіз бірнеше ай немесе жылдар ішінде нақты донор бола аласыз, ешқашан донор болмауыңызда мүмкін. Егер сіздің фенотипіңіз науқастың фенотипімен сәйкес келсе, онда сізге тіркеу орнының қызметкерлері қоңырау шалады. Егер сіз ГДЖ алу процедурасын жүргізуге келісіміңізді растасаңыз, сіз медициналық тексеруден өтесіз. Дәрігерлер Сізді мұқият тексереді, бұл сіздің және науқастың денсаулығының қауіпсіздігі үшін қажет.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Дің жасушасының доноры бола отырып, сіз өзіңіздің «генетикалық егізіңіздің өмірін сақтайсыз!». Әр адамда генетикалық егіздері бар. ГДЖ донорларының тізілімі неғұрлым көп болса, соғұрлым іздеу сәтті болады, оған қоса көптеген өмір құтқарылады!
Тіркелім мәселелері бойынша «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК хабарласуға болады. ЖМК, Көкжал Барақ көшесі, 11
Анықтама телефондары: 700808; 703838
ГДЖ мәселелері бойынша кеңес беру телефоны 87774968020 Кулиманова Сандугаш Муратовна, Облыстық қан орталығының донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі.