Пациенттерге трансфузиялық көмек

Пациенттерге трансфузиялық көмек

Пациенттерге трансфузиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру мен
сапасын арттыру мақсатында Облыстық қан орталығы жыл сайын Шығыс
Қазақстан облысының стационарлық көмек көрсететін медициналық
ұйымдарында қан компоненттері мен препараттарын клиникалық қолдану
мониторингін жүргізеді. Ағымдағы жылдың маусым айында ШҚО бас
трансфузиологы Светлана Александровна Шмурыгинаның жетекшілігімен
дәрігер-кураторлар ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы
бекіткен кестеге сәйкес Алтай қаласына, Катонқарағай, Үлкен-Нарын және
Ұлан аудандарына баруды жүзеге асырды.
Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша әрбір медициналық
ұйым үшін трансфузиялық терапияны жақсарту және оңтайландыру
бойынша басым бағыттар айқындалды. Мониторинг қорытындылары
трансфузиялық көмек көрсетуге тікелей қатысатын басшылықпен және
медициналық персоналмен талқыланды.
Мониторингтік топ жұмысының соңында қан компоненттерін
клиникалық қолданудың жекелеген мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы
өткізілді, кездесуге қатысушылардың барлық сұрақтарына түсініктемелер
және жауаптар берілді.
Донордың дауысы – жүректің дауысы!Біз өз әріптестерімізді мақтан тұтамыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33