Пациент үшін барынша пайда — донор үшін қауіпсіздік

Пациент үшін барынша пайда — донор үшін қауіпсіздік

Қан донорлығы — пациенттердің өмірін күн сайын құтқаруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы медицинаның маңызды бөлігі. Қан қызметінің негізгі қағидасы өзгеріссіз қалады: пациент үшін барынша пайда, ал донор үшін толық қауіпсіздік.
Әрбір донорлық процедура медициналық стандарттарға қатаң сәйкес жүргізіледі және донор денсаулығына кез келген қауіп-қатерді болдырмауға бағытталған. Донорлық процедура кезінде тек бір реттік зарарсыздандырылған материалдар пайдаланылады, ал донордың денсаулық жағдайы қан тапсырар алдында мұқият бағаланады.
Қауіпсіздік барлық кезеңдерде қамтамасыз етіледі:
· алдын ала медициналық тексеру;
· гемоглобин деңгейін және жалпы денсаулық жағдайын бағалау;
· көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді сақтау;
· донорлық кезінде және одан кейін медицина қызметкерлерінің бақылауы.
Қан тапсырғаннан кейін сирек жағдайларда адамның жағдайы уақытша нашарлауы мүмкін: әлсіздік, бас айналу немесе жеңіл жайсыздық байқалуы ықтимал. Бұл жағдайлар, әдетте, қысқа мерзімді болады және мамандардың ұсынымдарын сақтаған кезде тез өтеді.
Донорлықтан кейін тезірек қалпына келу және жағымсыз сезімдердің алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау маңызды:
· Процедурадан кейін кемінде 10–15 минут демалу;
· жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу;
· күн ішінде қарқынды дене жүктемелерінен аулақ болу;
· толыққанды тамақтану;
· донорлық күні алкогольдік ішімдіктерді тұтынбау.
Егер донорлықтан кейін қатты әлсіздік, бас айналу немесе жағдайдың нашарлауы байқалса, медицина қызметкерлеріне жүгіну қажет. Мамандар сіздің жағдайыңызды бағалап, қажетті медициналық көмек көрсетеді және денсаулық жағдайының қалпына келуін бақылайды.
Есте сақтау маңызды: донорлық – донордың денсаулығы әрдайым басты назарда болатын бақылаудағы әрі қауіпсіз процедура. Әрбір донор адам өмірін сақтап қалуға маңызды үлес қосады, ал қан қызметінің міндеті – осы үлестің барынша қауіпсіз және жайлы жағдайда жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Пациентке барынша көп пайда – донор үшін қауіпсіздік.

(RU) Донорство — это добро, которым можно делиться вместе(RU) Первый шаг в донорстве — это всегда особенный момент

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33