Сіз донор боламын ба, әлде жоқ па деп ойланып жүргеніңізде, ШҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері қан тапсырды!
Ұлттың моральдық және физикалық денсаулығы, азаматтардың белгілі бір жағдайда қалай әрекет ететіндігімен анықталады. Донорлық құрмет, моральдық қанағат пен сенімділік әкеледі. Донор болу туралы дұрыс шешім қабылдағаннан кейін, сіз басқа адам боласыз және бұл сізді жеке тұлға ретінде оң сипаттайды.
Сіздің әрекетіңізді білген адамдар сізді жақсы және қамқор адам деп санайтыны сөзсіз. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметшілері сияқты донор болу туралы ойланыңыз және шешім қабылдаңыз.
2022 жылғы 14 желтоқсанда, Тәуелсіздік күні қарсаңында ШҚО әкімдігінің аумағында адамдар өте көп болды. Бұл мемлекеттік қызметкерлер, әкімдік қызметкерлері және ШҚО білім басқармасының қызметкерлері. Олар таңертеңнен бастап қайырымды іс жасау, қан тапсыру үшін кезекке тұрды. Өкінішке орай, донорлар көмектескен науқас балалар мен ата-аналар өздерінің денсаулығына өз үлестерін қосқан адамдарды танымайды, таныса алмайды және оларға алғыс айта алмайды.
Кейде адамдар донорлық соншалықты үлкен ерлік емес деп ойлайды. Бірақ біз донорлық – бұл шын жүректен рухы мықты және адал ниетпен жасаған адамның нағыз ерлігі деп айтамыз!
Бұл күні 30 дан астам адам қан тапсырды.
ШҚО қан орталығының басшылығы ШҚО әкімдігі аппаратының ұжымына ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша атқарылып жатқан бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінгені үшін шын жүректен алғысын білдіреді.
Іс-шараның барлық қатысушыларына қайырымдылықтарыңыз бен мейірімділіктеріңіз үшін рахмет айтамыз!