Неліктен қанды таңертең тапсырған дұрыс
Бізге қан орталығына келмес бұрын донорлар әртүрлі сұрақтар қояды: қан тапсыру кезінде қанша қан алынады? Қай уақытта қан тапсырған дұрыс? Қан тапсыру процедурасы ауыр ма? Қан тапсырғаннан кейін не істеуге болады және не істеуге болмайды? және т. б.
Бүгін біз сіздің келесі сұрағыңызға жауап бергіміз келеді, қай уақытта қан тапсырған дұрыс. Дәрігерлер адамның ағзасы үшін қан тапсыруға қолайлы уақыт таңертен екенің анықтады. Бұл ереже тек донордың мүддесі үшін сақталады. Сіз қан тапсырған сайын, бұл процедураны сіздің ағзаңыз оңай қабылдайды.
Құрметті донорлар, біз сіздерді жеңіл таңғы асты қабылдағаннан кейін таңертең донацияға шақырамыз, өйткені көп тамақтанғаннан кейін, әдетте, қан ағзадағы барлық қосылыстарды тасымалдай бастайды (қажетті және қажетсіз). Қанда жиналатын ас қорыту өнімдері зертханалық жабдықта оптикалық өлшеу нәтижелерін өзгертеді, бұл шынайы емес деректерді көрсетеді. Сондай-ақ, донор қан тапсырар алдында майлы тағамдарды: май, жұмыртқа, банан, жаңғақтар, тұзды және ысталған тағамдар, сүт өнімдерін жесе, қан сарысуы “хилез” (майлы) болады, сондықтан қолдануға жарамсыз болады!
Құрметті донорлар, өмірді сақтап қалуға көмектескендеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Біреуге үміт, уақыт және шынайы бақыт табуға мүмкіндік беру-бұл ең үлкен ерлік.