Тромбоциттерді донациялауға шақырамыз

Тромбоциттерді донациялауға шақырамыз

Құрметті шығысқазақстандықтар! Облыстық қан орталығы ертең, 2021 жылғы 1-інші шілде күні О (I) және В (III) оң резусты қан тобындағы донорларды тромбоциттерді донациялауға шақырады:
Тромбоциттер-сүйек кемігінде пайда болатын және қанның ұюында үлкен рөл атқаратын қан жасушалары. Тромбоциттер аққандылық, гемофилиямен ауыратын науқастар үшін өте маңызды.
Тромбоциттерді дайындау рәсімі толығымен автоматтандырылған әдіспен жүзеге асырылады және шамамен бір сағатқа созылады. Жалпы уақыт – шамамен 1,5 сағат.

Қан орталығында донорларды қабылдау түскі үзіліссіз, сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін жүзеге асырылады. Мекен жайы: Көкжал Барақ көшесі, 11
Қан орталығына N 26,43,260,17 автобустарымен келулеріңізге болады.
Науқастардың өміріне бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды донацияға шақырамыз!

Дүниежүзілік қан донорлар күні«Дарын» дарындылықты дамыту және қосымша білім беру орталығында донор күні

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33