Рамазан-мейірімділік айы!
Міне, Рамазан айыда келіп жетті. Рамазан – жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы. Рамазан – қайырымды істер мен қайырымдылықтың айы. Осы қасиетті айда адамдар мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады, зекет таратады, таза жүректен игі істер жасайды. Рамазан – рақым айы! Қасиетті айдың құрметі үшін бір-бірін кешіріп, мейірімділік жолын ұстанған пенделер сауапқа кенеледі. Өзгеге мейірім көрсеткен адамды Алла Тағала Өз мейіріміне бөлейді. Кешіргенге – кешірім жасалады.
Қасиетті Рамазан айында қан тапсыруға ниет білдірген жандардың барлығын қан тапсыруға шақырамыз! Донорларды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін түскі үзіліссіз, сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі және жексенбі демалыс!
Өзіңізбен бірге міндетті түрде жеке куәлігіңіз болуы керек!!
Авторы: Мустафина М.А.