Бүгін ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментінің 35 қызметкері, науқастарға көмектесу үшін қан тапсырды!

Бүгін ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментінің 35 қызметкері, науқастарға көмектесу үшін қан тапсырды!

Бүгін таңертеңнен бастап облыстық қан орталығының холында адамдар көптеп жиналды, өйткені қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесу үшін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері келді.

Мұндай маңызды қонақтардың орталыққа келудегі негізгі мақсаты – қан тапсыру және науқастарға көмек көрсету, оларға екінші рет өмір сыйлау!

Донор — өз қанын құрбан етіп, өлім аузындағы адамға — өмір сыйлайтын адам. Донорлық-бұл мейірімділік актісі, өзіңіз танымайтын  адамға деген сүйіспеншіліктің дәлелі. Донорлық қансыз көптеген ауруларды емдеу мүмкін емес екенін ұмытпауымыз керек. Қазіргі медицинада мыңдаған дәрі-дәрмектер бар, алайда, дәрігерлер: адам қанын донорлық қаннан басқа ештеңе алмастыра алмайтынын айтады. Сондықтан донорлар науқастарға әрдайым, кез келген уақытта, кез келген сағатта  қажет.

Бұл күні 35 адам қан тапсырды, осылайша қан компоненттерінің қорын 17 литр қанға толықтырды.

ШҚО-дағы донорлықты қолдағаны үшін ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментінің бастығы Валениязов Бақытжан Сырымұлына үлкен алғысымызды білдіреміз. Барлық донорларға мықты денсаулық, қызметтеріне сәттілік тілейміз!

«Өскемен қаласының №2 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК- да Донор күні өтті!Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33