Сенбілік – бұл игі дәстүр!

Сенбілік – бұл игі дәстүр!

Сәуір – тазалық пен тәртіпті орнатудың дәстүрлі уақыты, ал сенбілік – ұрпақтарды біріктіретін игі дәстүр. Осындай шаралардың  бірі көктемгі тазалық жұмыстары  болып табылады: Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Өзі тұратын жерге жаны ашып, оның тазалығына көңіл бөлу – азаматтық парыз. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілікті нығайтады. Сонымен, облыстық қан орталығының қызметкерлері жалпықалалық сенбілік аясында кәсіпорын аумағын жинады. Биылғы жылы ауа-райы да ешкімнің көңіл-күйін бұзбады, тек сенбілікке қатысушылардың барлығына жағымды әсер етті. Қызметкерлер қан орталығының аумағын қыстан қалған қоқыстардан, бұтақтардан, құрғақ жапырақтардан тазартты, ағаштар мен ернеулерді ақтады.

Мүмкін, біреу сенбілікті ескірген іс деп санайтын шығар, алайда тазалық – бұл мәңгілік ұғым. Біз, қан орталығының қызметкерлері сенбілік-қажетті және пайдалы іс деп сенімді түрде айта аламыз! Мұндай іс-шараларға неғұрлым көп адам қатысса, соғұрлым біздің жеріміз таза және жайлы болады!

Адам өмірін сақтауға қосқан үлес!Протокол итогов №9 ЗЦП

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33