Сот орындаушылары қан тапсырды!

Сот орындаушылары қан тапсырды!

2023 жылдың 07 қарашасында Облыстық қан орталығына Шығыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлері келді. Бұл күні сот орындаушылары қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастармен қанын бөлісті, осылайша біздің облыста өтеусіз қан донорлығын қолдай отырып, игі іс жасады. Айта кету керек, бұл сот орындаушыларының бірінші рет келуі емес, олар үшін қан тапсыру қазірдің өзінде жақсы дәстүрге айналған.

Донорлық – бұл қайырымдылықтың маңызды және қол жетімді түрі, өйткені бір донор тапсырған 450 мл қаны 2-3 адамның өмірін сақтап қалады.

Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлеріне жоғары әлеуметтік жауапкершілік пен өтеусіз донорлықты қолдағаны үшін зор алғысымызды білдіреміз! Сізге зор денсаулық, амандық және жұмысқа табыс тілейміз!

Облыстық конференцияХаттама №7

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33