Құтқарылған өмір-өрт сөндірушінің ең жоғары ерлігі.

Құтқарылған өмір-өрт сөндірушінің ең жоғары ерлігі.

Қазіргі заманда көптеген заманауи дәрі – дәрмектер бар, бірақ олардың арасындағы ерекше, тірі дәрі -бұл донорлық қан компоненттері. Оған тең келер дәрі-дәрмек жоқ. Бүгінгі таңда донорлық қан компоненттерінің негізінде дәрі-дәрмектер дайындалуда, олардың емдік әсері бүкіл қанның емдік әсерінен бірнеше есе көп. Қан, дәрі ретінде, ештеңемен алмастырылмайды. Қанның жалғыз көзі-адам, қан доноры!

2022 жылғы 04 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар Департаментінде (бұдан әрі-ШҚО ТЖД) донор күні өтті. Бұл күні _өрт сөндіруші ерікті өтеусіз қан донорларының қатарына қосылды, осылайша қан компоненттерінің қорын __ литрге толықтырды. Өрт сөндіруші -өрттерді шебер әрі тез сөндіру үшін, ержүрек адам болып қана қоймай, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білу қажет. Өрт сөндіруші епті әрі күшті болуы міндет. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді.

Бірақ дабыл естілгенде, белгілі бір энергия резерві қосылғандай болады. Ауыр қорғаныс киімдері мен керек-жарақтарын киіп, оқпандары бар ауыр жеңдерді алып, олар шабуыл сатылары бойынша жоғары көтеріледі, түтін арқылы жану ошағына өтеді және отты жеңеді.

Құтқарылған өмір-өрт сөндірушінің ең жоғары ерлігі. ТЖ қызметкері мен құтқарушы-өрт сөндіруші-жай ғана мамандық емес, бұл адамдарға өтеусіз көмек көрсетумен ерекшеленетін мамандық. ШҚО ТЖ Департаментінің қызметкерлері отандастарының денсаулығын сақтауға өз үлестерін ауысымына кірісіп қана қоймай, донор бола отырып да қосуда.

Құтқарушыларға науқастардың өмірін сақтап қалу мақсатында қан тапсырғандары үшін зор алғысымызды білдіреміз. Жанұяларыңызға амандық және зор денсаулық тілейміз. Сіздердің ауыр еңбектеріңіз Сіздер құтқарған адамдардың алғыстарымен бағаланып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлдену болашағына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспіз!

Қан компоненттерін өндіру бөлімшесіҚұрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33