Бізбен бірге болғаныңыз үшін рахмет!

Бізбен бірге болғаныңыз үшін рахмет!

Құрметті Өскемен қаласы және ШҚО тұрғындары!

Туған күн – әрбір адамның өміріндегі ең бақытты, қуанышты, шаттыққа толы күндерінің бірі. Сыйлық алу, көпшіліктің ықыласына бөлену, жылы лебіздер есту – ізгіліктің бәрі осы атаулы күнде болып жатады. Туған күн-бұл балалық шақтан бастау алған жылдағы ең сүйікті мереке. Бұл күнді барлық адам асыға күтеді және тойлағанды ұнатады, өйткені бұл күн достармен, туыстармен уақыт өткізудің керемет мүмкіндігі.
Құрметті біздің донорлар, 1 – інші сәуір «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-ның туған күні, биыл бізге 68 жыл! Осындай күні біз сіздерді сыйлықтармен қуантқымыз келеді, өйткені біздің донорларсыз бірде-бір қан орталығы болмас еді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты 2021 жылдың 1 – інші сәуірі күні сүйікті қаламыздың және облысымыздың тұрғындарын «Бізбен бірге болғаныңыз үшін рахмет!» атты донорлық акцияға шақырамыз.
Барлық топтағы донорларды қан донациясына келуді өтініп сұраймыз.
Сондай-ақ, осы күні біздің донорларымызды бірінші қабаттың холлында естелік суретке түсетін фотозона және қызметкерлерге, қан орталығына деген ізгі тілектерін, құттықтауларын жазып қалдыруға ниет білдірген жандарға арналған «ШҚОҚО туған күніңмен!» атты баннер күтеді. Әрине, бұл күні барлық өтеусіз донорларымыз көптеген сыйлықтарға ие болады.
Міндетті түрде келулеріңізді және туыстарыңызды, достарыңыз бен әріптестеріңізді осы акцияға қатысуға шақыруларыңызды сұраймыз!
Қан алу: 8:30-дан 13:00-ге дейін
Біздің мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11
№ 17, 46, 43 автобустарымен және № 260 маршрутпен келуге болады
Донорлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласу қажет:
70-08-08, 70-38-38, 87057985940, 87057520964

Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болсын!

Авторы: Мустафина М. А.

«Наурыз – бейбітшілік пен жақсылық мерекесі!» донорлық акция№6 хабарландыру

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33