Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері
ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК – да (бұдан әрі-ШҚОҚО) 2024 жылғы 15 қазанда 01.06.2023 ж. -31.12.2023 ж., 01.01.2024 ж. – 31.05.2024 ж. аралығында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері талқыланды. Талқылау құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп, ШҚОҚО директорының бұйрығымен бекітілген жұмыс тобының құрамында өткізілді. Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) ШҚОҚО қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) ШҚОҚО ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Анықталған тәуекелдер бойынша түзету іс-шаралары, жауапты орындаушылар және аяқталу мерзімдері айқындалды.