Сүйек кемігі донорына рахмет

Сүйек кемігі донорына рахмет

Бүгін облыстық қан орталығында «Сүйек кемігі донорына рахмет» республикалық балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды!

Жас қатысушылар креативтілік, талант және ең бастысы – ауыр науқастарға өмір сүруге мүмкіндік беретін сүйек кемігі донорларына шын жүректен алғыстарын білдірді.

Байқау жеңімпаздары:

  • 1 орын – Нурланов Амир
  • 2 орын – Нурлыбекова Ханшайым
  • 3 орын – Асылбек Исали

Жеңімпаздарға лайықты дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, ал қалған қатысушылар донорлық идеясын насихаттауға белсенді қатысқандықтарын және қосқан үлестерін растайтын сертификаттармен марапатталды.

Сыйлықтарды Қызыл Жарты Ай қоғамының Шығыс Қазақстан филиалы, «Super-Dent S.A.» ЖШС ұсынды, сондай-ақ тәттілерден – гематоген берілді.

Біз байқауға жауап берген әрбір оқушыны мақтан тұтамыз және осындай маңызды істе балаларды қолдағаны үшін мұғалімдер мен ата-аналарға алғыс айтамыз. Өйткені, донорлық пен мейірімділік мәдениетін қалыптастыру өскелең ұрпақтан басталады.

Халықаралық гемопоэздік дің жасуша донорлары күніНеліктен жоғары қан қысымы қан тапсыруға қарсы көрсеткіш болып табылады?

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33