Сенің күнің, студент!

Сенің күнің, студент!

2021 жылдың 09 қарашасында Қазақстан – Американдық Еркін университетінің (бұдан әрі – ҚАЕУ) студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері 2021 жылдың 03 қарашасынан бастап қаламыздың барлық жоғары оқу орындарында «Сенің күнің, студент!» атты ұранмен облыстық қан орталығы өткізіп отырған донорлық акцияға қатысты.
Бұл күні ҚАЕУ бас ғимаратының медициналық кабинеті қан құю бекетіне айналды. Студенттер мен оқытушылар таңертеңнен бастап игі іс жасауға – қан тапсыруға асықты. Бірақ алдымен әр еріктілерді дәрігерлердің тексеруі күтті: гемоглобинді тексеру, қысымды өлшеу, қан тобын және Rh факторын анықтау.
Бұл күні донорлық күнге шамамен 60 жуык адам қатысты, бірақ көрсеткіштер бойынша донорлыққа 34 адам қан тапсыра алды.
Өз кезегінде, қан орталығының басшылығы ҚАЕУ Президенті Мәмбетказиев Ережеп Альхаировичке ұзақ және жемісті ынтымақтастығы үшін шынайы алғысын білдіреді. Біз арамызда орнаған серіктестік қарым –қатынас пен өзара түсіністікті жоғары бағалаймыз.
ШҚО-да өтеусіз қан донорлығын дамыту ісіне қосқан белсенді үлесі үшін, сондай-ақ осындай қайырымдылық акцияларын өткізу кезінде ҚАЕУ ректоры Мәмбетказиев Айдар Ережепұлына баға жетпес көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.
Барлық донорларға түсіністік пен қайырымды істері үшін алғыс айтамыз және мықты денсаулық пен амандық тілейміз!

Донорларға алғыс!Волонтерлік саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандум

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33