Трансфузиологиялық ғылыми-өндірістік орталығы шығармашылық байқау жариялайды!
Қан донорлығының символына айналатын кейіпкердің бейнесін жасаңыз:
– Кейіпкердің атын, сырт келбетін, ерекшеліктері мен символикасын ойлап табыңыз
– Бұл кім, қайдан келген, қандай идеяны жеткізеді және не үшін қажет екенін сипаттаңыз.
– Неліктен дәл осы кейіпкер донорлық қозғалыстың бет-бейнесі болуы керек екенін көрсетіңіз.
Жұмыстарды қабылдау мерзімі — 2025 жылдың 12 желтоқсанына дейін.
Жеңімпазға сыйлық табысталады, ал оның жасаған кейіпкері Қазақстандағы қан донорлығының ресми символына айналады!
Сіздің кейіпкеріңіз мыңдаған адамды игі істерге шабыттандырсын!
Сіздің креативті ойыңыз — өмір үшін!
Шығармашылық жұмыстарыңызды Instagram @astanadonor парақшасына директ арқылы жолдай аласыздар.
Міндетті түрде көрсетіңіздер:
Қатысушының аты-жөні
Байланыс нөмірі
Кейіпкердің атауы мен сипаттамасы.
#донорлық #донорларбайқауы #өмірдіқұтқар #ҰлттықТрансфузиологияОрталығы #донорҚазақстан #жақсылықкейіпкері



