Трансфузиялық көмектің жыл сайынғы мониторингі
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының (ШҚ ОҚО) мамандары 2023 жылғы мамырдан қазанға дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы бекіткен кесте бойынша жүргізілген Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының стационарлық көмек көрсететін 19 медициналық ұйымында (бұдан әрі-МҰ) жыл сайынғы трансфузиялық көмек мониторингін аяқтады.
Өткен жылдағыдай, оны дәрігер – трансфузиолог, зертханалық диагностика жөніндегі маманы, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас трансфузиологы-ШҚ ОҚО директорының басшылығымен құрылған мониторингтік топ жүзеге асырды. Мұндай мониторингтердің негізгі мақсаты пациенттерге трансфузиологиялық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде Денсаулық сақтау ұйымдарына олардың қызметінде консультациялық-әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
ШҚ ОҚО мамандары медициналық ұйымдар қызметінің мынадай аспектілерін зерделеп талдады:
– пациенттерге қан өнімдерін құюға байланысты процестер мен рәсімдерді стандарттау және оларды нақты қызметке бейімдеу; трансфузияларды зертханалық сүйемелдеу және зертханалық зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібін зерделеу;
– гемотрансфузияға мұқтаж пациенттің иммуногематологиялық мәртебесін анықтау кезінде бағаналы агглютинация технологияларын және басқа әдістерді тиімді пайдалану;
– трансфузиялық көмек көрсету кезіндегі құжаттау тәртібі, оны автоматтандыру және МАЖ-де медициналық есепке алу нысандарын цифрландыру дәрежесі;
– мамандандырылған медициналық жабдықпен қамтамасыз етілуі және оның жарақтандыру стандарттарының талаптарына сәйкестігі;
– медициналық ұйымдардың штаттарын трансфузиолог-дәрігерлермен жасақтау. Иммуногематологиялық зерттеулер, кіріс және күнделікті зертханаішілік бақылау жүргізу кезінде сапаны қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша әрбір МҰ үшін трансфузиялық терапияны ұйымдастырудағы жағдайды жақсарту және оңтайландыру үшін басым бағыттар айқындалды. Трансфузиялық терапия көрсетуге қатысатын басшылықпен және медперсоналмен мониторингтің қорытындылары талқыланды. Жұмыс соңында мониторингтік топ жекелеген мәселелер бойынша оқыту жүргізді, қатысушылар қойған барлық сұрақтарға түсініктемелер мен жауаптар берілді.
Мониторинг нәтижелерін талдауды штаттан тыс бас трансфузиологы С.А. Шмурыгина МҰ басшыларының қатысуымен өтетін ШҚО денсаулық сақтау басқармасының кеңесінде ұсынды, онда облыстағы трансфузиологиялық қызметті жетілдіру бойынша хаттамалық шешім қабылданды. Сондай-ақ, мониторинг қорытындылары 10.11.2023 жылы ШҚ ОҚО-да өткен Клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелері жөніндегі облыстық ғылыми-практикалық конференцияда талқыланды.