Тромбоциттер

Тромбоциттер

Тромбоциттер (қан пластинкалары) – бұл қанның ұю процесіне қатысатын жасушалар, олардың негізгі қызметі қан тамырларының тұтастығын қамтамасыз ету және қан кетуді тоқтату болып табылады. Тромбоциттердің өмір сүру ұзақтығы бес-он күнді құрайды, сондықтан олар үнемі өндірілуі керек.

Донорлық қаннан оқшауланған қан пластинкаларына консервілеу ерітіндісін қосқанда тромбоциттер концентраты түзіледі. Тромбоциттер аппараттық цитаферез әдісімен жиналады. Бір донордан тромбоциттердің екі емдік дозасы жасалады (тромбоциттердің бір емдік дозасында шамамен 200 жасуша бар). Тромбоциттерді сақтау мамандандырылған жабдықта – +220С до +240С -қа дейінгі температуралық режимді және кезектесіп араластыруды қамтамасыз ететін тромбомиксері бар инкубаторда жүзеге асырылады. Тромбоциттердің сақталу мерзімі-7 күн.

Қан пластинкалары  қанында жеткіліксіз немесе дұрыс жұмыс істемейтін науқастарға құйылады: мысалы, қарқынды химиотерапия курсынан өту кезінде лейкемиямен ауыратындарға. Сонымен қатар, тромбоциттер концентраттары қан мен бауыр ауруларында, онкологиялық ауруларда, күйіктер мен көп қан жоғалту кезінде құйылады.

Болашақ зертханашылар қан орталығына келді!Ақ халатты абзал жандар өмірді сақтайды!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33