Тілім – тірлігімнің айғағы
ШҚ ОҚО бағдарламашысына
ШҚ ОҚО сайтына арналған ақпарат
Қазақстан халқының Тілдер күні!
Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой, Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!
Қадыр Мырза Әли
Тіл – халықтың жаны. Әр ұлт ана тілі мен дәстүрі арқылы ғана өз мұратына жетеді.
Елімізде бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан бірнеше ұлт өкілдерінің салт – дәстүрі мен тіліне деген құрмет көрсетуде. Осындай тамаша мерекенің құрметіне орай 2021 жылдың 7 қыркүйегінде «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да (бұдан әрі – ШҚ ОҚО) «Тілім – тірлігімнің айғағы» атты ашық сабақ өткізілді. Мақсаты – мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру; Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрін зерттеу. Сабақ барысы ШҚОҚО қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраның орындаумен басталды. Қызметкерлер қазақ ақындарының тіл тақырыбындағы өлеңдері мен «Тіл» туралы мақал – мәтелдерді жатқа айтып, қазақ тілінде, патриоттық әндер орындады.