Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!
2021 жылдың 21 – інші қыркүйегінде Шәкәрім көшесі, 149/10 мекен – жайында орналасқан, «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ- де өмір үшін күресіп жатқан кішкентай бала Кирилл Еремеев үшін қан алу бойынша донорлық күн өтеді және біреудің өміріне бей – жай қарамайтын қаламыздың тұрғындарынан көмек сұрайды. Донорларды қабылдау сағат 9.00-ден 13.30-ға дейін.
Қан тапсырғаннан кейін донорларға 2 демалыс күніне анықтама және 1000 теңге беріледі. Сонымен қатар, барлық донорлар қажет болған жағдайда гемоглобин деңгейі, АЛТ, қан тобы және резус факторы, инфекцияларға арналған маркерлер (АИТВ, В және С гепатиті, мерез, сарыпқа) зертханалық зерттеулер туралы ресми анықтама ала алады:
Құрметті донорлар қан донациясына келіңіз. Біз өтеусіз донорлар қатарына қосылғысы келетін барлық ниет білдірушілерді қарсы алуға қуаныштымыз!
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек!
Науқастардың өміріне бей-жай қарамайтын барлық адамдарды донорлық күнге қатысуға және қан тапсыруға шақырамыз!
Достар, жақын адамдарыңызды, достарыңызды, таныстарыңыз бен әріптестеріңізді қан тапсыруға шақыруды ұмытпаңыз!
Сіздерді 2021 жылдың 21 – інші қыркүйегінде Шәкәрім көшесі, 149/10 мекен-жайында күтеміз