Қан Орталығы аккредиттеуден сәтті өтті

Қан Орталығы аккредиттеуден сәтті өтті

Қымбатты әріптестер! Құрметті донорлар!
«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТКЕНІН қуана хабарлаймыз!
Денсаулық сақтау мекемесін аккредиттеу – бұл денсаулық сақтау мекемесінде халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапалы, уақтылы, белгілі бір деңгейі үшін жағдайлардың болуын, олардың денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды сақтауын, медицина қызметкерлерінің бірыңғай біліктілік талаптарына сәйкестігін ресми тану.
Меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау жүйесінің барлық мекемелері үшін медициналық мекемелерді аккредиттеу ерікті болып табылады.
Біздің қызметкерлер өз біліктіліктерін үздіксіз арттырып отырады, қан орталығының ұжымы оқыту, тәжірибе алмасу арқылы практикалық және теориялық дағдылардың жоғары деңгейіне ұмтылады.
Ұлттық аккредиттеудің бірінші санатын беру көрсетілетін қызметтер сапасының жоғары стандартын куәландырады және Қан орталығы үшін донорлардың/пациенттердің қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызметтердің сапасы басымдық болып қала беретіндігінің көрсеткіші болып табылады.
Біз «Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылар мен консультанттардың қоғамдық бірлестігі» ҚБ аудиторларына жемісті жұмысы мен қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамыз.
Қан орталығының барлық ұжымын құттықтаймыз және барлық күш-жігер, көп жылдық тәжірибе мен кәсібилік Қазақстандағы озық позицияны сақтауға көмектесуін тілейміз! Барлық әріптестерге аңсаған шыңдар жолында сарқылмас энергия мен күш-қуат тілейміз!

Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК-да Донор күні өтеді«Согра ЖЭО» ЖШС

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33