Тазалық – табалдырықтан басталады
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен облыстық қан орталығының қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке белсене араласты. Осы іс-шара аясында қызметкерлер «Өскемен» аллеясын тазартып, келбеті келісті болуы үшін тер төкті.. Ескі бұтақтарды алып тастап, қоқыс қалдықтарын жинады.
«Сенбілік- тазалықтың кепілі! Үйреншікті үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркеюіне көп үлесін қосуда. Сондай – ақ туған қаласында жайлылық пен тазалықтың болуына өз үлесін қосуға, қызметкерлер арасында жұмыстан тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды. Біз қан орталығының қызметкерлері сүйікті қаламыздың тазалығына келгенде шетте қала алмаймыз. Жақын маңдағы үйлердің барлық тұрғындарын да жалпықалалық сенбілікті қолдауға және серуендеуді, демалуды жақсы көретін орындарды тазалауға шақырамыз!»- деп атап өтті қан орталығының қызметкерлері.