Әр адам үшін не қымбат және баға жетпес не болуы мүмкін?

Әр адам үшін не қымбат және баға жетпес не болуы мүмкін?

Өмір… Әр адам үшін не қымбат және баға жетпес не болуы мүмкін? Өмір – Алланың бізге берген сыйы. Әр адам өз өмірін әртүрлі жолмен сүреді, өз жолын таңдап, сезім мен ақылға құлақ асып, құндылықтарымен, идеяларымен өмір сүреді. Алайда, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастар сияқты өмір үшін күресуге тура келетін сәттер де болады.

Бүгін, 2022 жылдың 24 қыркүйегінде облыстық қан орталығында донорлық сенбі өтті. Бұл күні науқастарға көмектесу үшін қан донациясына 30 адам келді.

Өзгенің өміріне бей – жай қарамайтын Өскемен қаласының тұрғындарына және тұрақты донорларға науқастардың өмірін құтқарып қалу жолыңда тапсырылған қан үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Демалыс күндеріңізге қарамастан, бүгін облыстық қан орталығына келгендеріңіз үшін үлкен рахмет. Біз сіздерді өте жақсы көреміз және бағалаймыз. Сіздер біздің қолдаушымыз және тірегімізсіздер. Бақытты және аман болыңыздар!

Алғыс айтуӨйткені әрбір тест – бұл өмір!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33